Павлодарлық үш оқушы Жапония елінде өткен халықаралық конкурста лауреат атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласындағы № 2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары Жапония елінің Канагава қаласында өткен XVIII Халықаралық сурет конкурсында лауреат атанды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Облыстық білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, аталмыш конкурс әлемнің түкпір-түкпірінен келген балалардың жас айырмашылығы мен жұмыстардың орындалу техникасы жағынан ерекшеленген.

«Биыл Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан қатысқан 249 жеткіншектің сегізі лауреат атанған. Олардың үшеуі - Павлодар қаласы мектебінің оқушылары», - деді облыстық білім беру басқармасының маманы Балжан Әділханова. Алина Гибадулина «Түнгі қала» атты суреті үшін бірінші дәрежелі дипломмен, Азиза Иманқұлова «Шығыс ертегілері» суретімен екінші дәрежелі дипломмен және Асан Қайса «Достардың түнгі қаладағы кездесуі» атты суретімен үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Жас өрендерді сурет өнеріне баулып жүрген жетекшілері - Анжела Бамбуляк, Сәуле Пернебаева, Раиса Степанко.

Соңғы жаңалықтар