Павлодарлық және ресейлік шекаралас облыстардың төтенше жағдайлар қызметтері өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды

ПАВЛОДАР. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда Павлодар облысы мен Ресейдің Новосібір,
None
None
Омбы облыстары және Алтай өлкесінің төтенше жағдайлар қызметтері өкілдерінің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Төтенше жағдайларды ескерту және олардың салдарларын жою қызметінің мамандары техногендік және табиғат апаттарының салдарын жою барысында тәуекелдерді азайтудың жолдарын бірлесіп іздестірді. Конференцияда сондай-ақ шекараны «байқамайтын» дала өрттерімен күресуге де назар аударылды. «Пікір алмасу және көршілерден үздік тәжірибелерді үйрену - Павлодарда өткен кездесудің басты мақсаты болды», дейді Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің Омбы облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары Владимир Корбут.Кездесуде төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарларын жою жөніндегі нақты ұсыныс-кеңестер талданды, төтенше жағдайлар қызметтерінің қазақстандық және ресейлік өкілдері өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды. Әріптестер ендігі жолы бірлескен трансшекаралық жаттығуда кездесетін болып келісті.
Соңғы жаңалықтар