08:35, 09 Тамыз 2012 | GMT +5
Павлодарлық және семейлік студенттер өлеңдерді үздік орындауда сайысты
ПАВЛОДАР. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодарда жергілікті және семейлік педагогикалық жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында мәнерлеп оқу бойынша аймақтық байқау өтті, деп хабарлады ПМПИ-дың баспасөз қызметінен.

Шығармашылық байқауға ҚР Парламент Сенатының депутаты Ғарифолла Есім бастамашы болды. Оның пікірінше, ақындық сайыс қазақ әдебиетінің танымал қайраткері Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттаудың жақсы құралы болып табылады.
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Рүстем Мұхаметрахымов байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Қазылар алқасы әртістігі мен мәнерлілігін жоғары бағалап, бірінші орынды семейлік Арман Шеризатовқа берді.
Дарынды жастар байқау кезінде достасып, шығармашылық байланыс орнатып, жиірек кездесуге ниеттенуде.