Павлодарлық «Жас дарын» мектебі 10 жылдығын атап өтуде

ПАВЛОДАР. Желтоқсанның   22-сі.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -   Павлодардағы дарынды балаларға арналған  «Жас  дарын»  мектебі   бүгін  өзінің 10 жылдығын  атап  өтеді.
None
None

Осынау атаулы  күнге  орай     білім ошағында  «Ғылым - жанып тұрған шырақ, өнер - ағып жатқан бұлақ»  деген тақырыпта    ашық  сабақтар  мен тәрбие  сағаттары  өтеді,    еліміздің  зияткерлік  элитасын  тәрбиелеу  тәжірибесі  туралы  ғылыми-тәжірибелік конференциясы  өтеді,   деп   хабарлады   қалалық  ішкі  саясат басқармасынан.

Қазақ тілді және    мамандандырылған   мектептің     педагогикалық ұжымы      жас дарындарды  жасампаздыққа  тәрбиелеп келеді.   Мектепте   зерттеуші-мұғалімдермен бірге  Павлодардың  жоғары  оқу орындарынан  15  ғалым жұмыс істейді.    Балаларға   білім берудің сапасын  арттыруда     тәжірибеге бағытталған  ғылым  мен   мектептің  жақсы материалдық     базасы  маңызды роль   ойнайды.

Мектеп түлектері       жинаған   Бірыңғай  ұлттық тестілеудегі  орташа балл   115    балдан төмен  түскен  емес,   оқушылар  сондай-ақ  пәндік  олимпиадаларда  111 медаль     жеңіп  алған.   28 оқушы  ғылыми жобалардың   халықаралық конкурстарының  жеімпаздары атанған.


Мектептің  мерейтойлық салтанатына  білім басқармасының, «Ертіс дарыны»    облыстық орталығының басшылары, ата-аналар  қатысады.   Мерейтойлық шаралар  «Он жылдық белесінде» атты  мерекелік концертпен қорытындыланады.

Соңғы жаңалықтар