Павлодарлықтар джиу-джитсудан Еуропа чемпионатында табысты өнер көрсетті

ПАВЛОДАР. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы «Жауынгер» Айки-Дзю-Дзюцу мектебінің тәрбиеленушілері Германияның Любц қаласында өткен джиу-джитсудан Еуропаның ашық чемпионатында тамаша өнер көрсетті.
None
None

Павлодарлық жас сайыпқырандар әлемнің 12 елінен 200 спортшы қатысқан осынау байрақты бәсекеде тоғыз бірінші орынды иеленіп, жалпыкомандалық есепте үшінші орынды жеңіп алды. Бұл - биыл 20 жылдығын атап отырған осынау павлодарлық спорттық клубқа және оның ұйымдастырушысы, қаржы полициясының подполковнигі Дәулет Әлжановқа жасалған тамаша тарту.

Ал мерейтой құрметіне сәуірдің 24-інде Павлодарда республиканың барлық өңірлерінен келетін спортшылардың қатысуымен республикалық турнир өтеді, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар