Павлодарлықтар ҚазАқпараттың облыстың әлеуметтік-экономикалық өмірі туралы белсенді ақпарат тарататынына разы - Қ.Бозымбаев

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев барша павлодарлықтардың атынан «ҚазАқпарат» ХАА 95 жылдық мерейтойымен құттықтай отыра, агенттік ұжымына аймақтың әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігінен хабардар етіп жүргендері үшін ризашылығын білдірді.
None
None

«Осы жылдардағы сәтті жұмыс пен барша ұжымының талаптарының арқасында «ҚазАқпарат» ХАА БАҚ нарығында өзінің орнын бекіткен басты әрі белгілі Интернет-ресурсқа айналды.

Мен, ҚазАқпарат жаңалықтарының оқырманы ретінде, бұл өз кәсіби ісін адал орындайтын барлық ұжымның еңбегі деп атап өткім келеді. Сіздің Агенттіктеріңіз өзін объективті жаңалықты уақытында тарататын ақпарат жаршысы ретінде көрсетті. Павлодар облысының тұрғындары сіздің ұжымыңызға, соның ішінде Агенттіктің меншікті тілшісі Ливинцова Вера Михайловнаға халықты біздің облысымыздың әлеуметтік-экономикалық өмірі туралы хабардар ететініне риза. ҚазАқпарат алдағы уақытта да он мыңдаған оқырмандар үшін беделді ақпарат көзі болып қалатынына сенемін. Сіздерге береке мен жаңа шығармашылық жетістіктер тілеймін!» - делінген облыс әкімінің құттықтауында.

Соңғы жаңалықтар