Павлодарлықтар Түркияның Кайсери қаласымен достастық байланыс орнатты
Олардың жұмыс сапарларының мақсаты - саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы екі елдің ынтымақтастығын нығайту болды.
Түріктің Кайсери қаласымен тығыз байланыстар орнату туралы келісім павлодарлықтардың ресми сапарындағы бірінші шара болды. Делегация жетекшісі Бақытжан Сағынтаев, Кайсери провинциясының губернаторы Мевлют Билиджи және Кайсери қаласының мэрі Мехмет Озхасекин ынтымақтастықтың ұзақмерзімдік жоспарларын талқылады.
Ал павлодарлық кәсіпкерлердің Түркияның өнеркәсіптік және сауда палатасы өкілдерімен болған кездесуінде экономикалық серіктестікті кеңейту мәселесі сөз болды. Павлодар делегациясы сондай-ақ бизнес-форумға қатысты, елдің өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарын аралады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі-индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев пен Павлодар облысы әкімі Бақытжан Сағынтаев Түркия Президенті Абдулла Гүлмен кездесті, оның барысында ынтымақтастықтың перспективалары сөз болды.