Павлодарлықтар жерлес Кеңес Одағының Батырларының Даңқ аллеясында ескерткіш орнатты

ПАВЛОДАР. Мамырдың 7-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін Павлодар қаласындағы Даңқ аллеясында соңғы жылдары өмірден озған сегіз Кеңес Одағы Батырына орнатылған ескерткіштің ашылуы болды. Олар - Степан Токарев, Иван Скляров, Александр Квитков, Максим Милевский, Спартак Маковский, Иван Кудин, Құдайберген Сұрағанов, Константин Шувалов. Олар соғыста қаза тапқан Алтын Жұлдыз және Даңқ ордендерінің толық иегерлері болған жерлестерінің қатарынан орын алды.
None
None

Ескерткіштің ашылуына арналған Жеңіс саябағындағы митингіге ардагерлер, Батырлардың туыстары, қалалықтар, кадеттер мен мектеп оқушылары жиналды.

«Соғысқа Павлодар облысынан 46 000 адам кеткен, оның 22 279 фашизмге қарсы шайқаста опат болды, біздің 22 жерлесіміз ерлік жасап, Кеңес Одағаның Батыры деген жоғары атаққа ие болған. Сегіз павлодарлық Даңқ орденінің толық иегерлері атанды, - деп атап өтті облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев. - Біздің әкелеріміз, аталарымыз жасаған ерлік ешқашан ұмытылмайды, ол қазіргі жас ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілік пен жоғарғы патриотизмнің үлгісі болады».

Батырлар мүсінінің жанында оларға деген зор құрметпен кадетшілер қарауылға тұрды, олардың әрқайсысы жерлестерінің соғыста көрсеткен ерліктерін жақсы біледі және де Отанын қорғауға дайын.

Батырлар мүсіндерінің авторлары - павлодардық суретшілер.

Соңғы жаңалықтар