11:41, 14 Наурыз 2009 | GMT +5
Павлодарлықтар Жолдау жүктеген міндеттерді орындаудың жолдарын талқылады
ПАВЛОДАР. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласының активі Елбасының Қазақстан халқына «Дағдарыстан-дамуға» Жолдауын талқылады. Жолдау жүктеген міндеттерді орындаудың жолдары ұсынылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Павлодар әкімі Бәкір Демеуов жиналған жұртшылықтың назарын Елбасы алға қойып отырған негізгі міндеттердің бірі - халықты жұмыспен қамту және экономиканың орнықты дамуына жағдай жасау мәселесіне аударды. Қаланың еңбек нарығы құрылымындағы басты мәселе - кәсіптік-техникалық және жоғары оқу орындарының базаларында кадрлар дайындау және қайта дайындау болады. Қала басшысы сондай-ақ, дағдарысқа қарамастан, барлық әлеуметтік қолдау бағдарламаларының қаржыландырыла беретінін атап көрсетті. Бюджет шығыстарын оңтайландырып, оларды екі мектептің құрылысын аяқтауға, коммуналдық желілер мен білім ошақтарын жөндеуге аудару қажеттілігі айтылды. Қалада тұрғын үй құрылысы, жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасады, оған қоса электролиз зауытының екінші кезеңін іске қосу жоспарлануда. Б.Демеуов сондай-ақ, дағдарысқа қарсы шаралардың кешенді жүйесінің республика бойынша жүзеге асырылуы халықты жұмыспен қамтуға, адамдардың тұрмыстарын көтеруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.