Педагогтар мемлекеттік органдардың көмегімен жүкті және науқас жасөспірімдерді арнайы мектептерге жіберіп отырған
Аймақтың педагогтары мемлекеттік органдардың көмегімен жүкті және науқас жасөспірімдерді тәрбиесі қиын балаларға арналған арнайы мектептерге аттандырып отырған.
Бұл туралы «Эспресс К» газетінің бүгінгі санындағы «Такое время - страшно за детей» атты мақалада жазылды.
Мәселен, Атбасарда тоғызыншы сыныпта оқитын қыз сабаққа жиі қатыспағаны және нашар тәртібі үшін Таразда орналасқан арнайы мектепке жіберілген. Ересектерді оның жүктілігі де тоқтатпады. Осындай фактілер жалғыз емес. Полицейлер мен педагогтардың «жеңіл» қолымен облыстың жабық мекемелеріне «мерез» және «ақыл-ой кемтарлығы» диагноздары бар балалар түсе жаздаған.
Тағы да бір айқын оқиға - мектепте оқитын қыз баланың бірін нашар үлгерімі үшін Кентау қаласындағы арнайы мектепке жіберу шешілді. Бірақ іске прокуратура араласты. Себебі қыз баланың өгейі әкесі онымен жыныстық қатынасқа түсуге ұдайы дәмеленіп келген. Өгейі әкесі жасөспірімнің өмірінен кеткен соң, оның сабақ үлгерімі жақсарды.