Педагогтар олимпиадасының жеңімпаздарына кәсіби санаттар көтеріледі - Павлодар

ПАВЛОДАР. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодарда қаланың қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мектептерінде мұғалімдердің пәндік олимпиадасы мәреге жетті, деп хабарланды білім бөлімінен.
None
None

12 пән бойынша ұстаздық жолды енді бастаған және тәжірибелі 308 педагог бақталастырды.

Жеңімпаздар - гуманитарлық пәндердің 19, бастауыш сыныптардың 13 және жаратылыстану-математика пәндерінің 17 мұғалімі алдағы наурыз айының екісінде өтетін облыстық олимпиадаға қатысатын болады.

Олимпиада туралы ережеге сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер санаттарын уақытынан бұрын көтеруге құқылы.

Соңғы жаңалықтар