09:27, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Петербор халықаралық форумында Достастық мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Маусымның 5-інде Санкт-Петерборда Халықаралық экономикалық форумның ресми бағдарламасы ашылады. Осымен үшінші жыл қатарынан форумның аясында ТМД елдерінің экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланады.
Форум жұмысына Достастық елдерінің мемлекеттік және бизнес-құрылымдарының жоғары өкілдері қатысады деп күтілуде. ҚазАқпарат тілшісіне Достастықтың Атқарушы комитетінен хабарлағанындай, форум аясында «ТМД - ынтымақтастық кеңістігі. Ертеңгі күннің күнтәртібі» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтеді. Жарыссөзге Достастықтың барлық елінен 200-ден астам маман - ТМД елдерінің вице-премьерлері, Достастық істері бойынша ұлттық үйлестірушілер, мемлекеттік корпорациялардың, банк құрылымдарының және бизнес-қоғамдастықтардың басшылары қатысады. «Дөңгелек үстел» отырысының модераторы - Ресей Федерациясы Үкімет төрағасының бірінші орынбасары, Ресей Федерациясының ТМД істері бойынша ұлттық үйлестірушісі Игорь Шувалов болады. Проблемаларды талқылауға ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы - Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысады.