Петерборда ақпаратпен қамту саласындағы ТМД мемлекеттерінің ұлттық заңнамалар үндестігі талқыланады
Депутаттар сондай-ақ адам саудасына қарсы іс-қимыл мен «Отанды қорғау барысында қаза тапқандарды мәңгі есте сақтау» туралы модельді заң саласындағы ТМД модельді заңнамаға айтылған ұсыныстарды да талқылайды.
Отырысқа қатысушылар «Экстремистік қызметке қарсы іс-қимылдағы ТМД-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығы жетілуінің тұжырымдылық негіздері» (Санкт-Петербор, 2010 жылғы қазаның 14-і) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалығына арналған «ЕҚЫҰ және ТМД: жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар» (Санкт-Петербор, 2010 жылғы қазанның 28-і) атты халықаралық парламенттік конференция мен «Өмір қауіпсіздігі үшін жолдардағы қауіпсіздік» (Санкт-Петербор, 2010 жылғы қазанның 29-ы) атты халықаралық конгреске дайындықтарын талқыға түсіреді.