09:45, 04 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Петерборда Антигитлерлік коалиция жеңісінің 65 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петерборда Антигитлерлік коалиция жеңісінің 65 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді.
Бұл туралы РФ Федерациялар Кеңесінің төрағасы, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің төрағасы Сергей Миронов ТМД Парламентаралық Ассамблеясында сөйлеген сөзінде мәлім етті.
С.Миронов 2010 жыл - Достастық елдерінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылы деп жарияланғанын хабарлады. Осыған байланысты Санкт-Петербордағы Таврия залында Антигитлерлік коалиция жеңісінің 65 жылдығына және еуропалық қауіпсіздіктің жаңа құрылымының қалыптасуына арналған халықаралық конференция өтеді.