«Петро Қазақстан» компаниясының бұрынғы қызметкері адамдарды 3 млн. теңгеге алдап соққан

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Қызылордада «Петро Қазақстан» компаниясының бұрынғы қызметкері мұнай компаниясына жұмысқа орналастыратындығын айтып, адамдардың 3 млн. теңгесін жымқырып кеткен.
None
None

«Қызылордада 3 млн. астам теңгеге шығын келтіріп, алаяқтық жасады деген күдікпен 1965 жылы туған жергілікті тұрғын Марина Шек ұсталды. Марина Шек бұрындары «Петро Қазақстан» компаниясында талдаушы болып қызмет істеген. Күдікті әйел жәбірленушілерге мұнай компаниясына қызметке орналастыру үшін олардан 300 мыңнан 600 мыңға дейін ақша алған», - делінген Қызылорда облысының ІІД-нің хабарламасында. 

 Қазіргі уақытта күдікті ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Азаматшаның басқа да қылмыстық істерге қатыстылығы тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар