Петропавл базарларында 7 мың контрафактілі диск тәркіленді (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда тұрмыстық қалдық полигонында жалпы сомасы 2 млн теңгені құрайтын 7 мың диск жойылды. Бұл туралы СҚО ІІД экономикалық тергеу қызметінің аға тергеушісі Наталья Матюшина мәлім етті.
None
None

«Бүгін тұрмыстық қалдық полигонында 7389 контрафактілі диск жойылды. Бұлар «Страна товаров» және «Қызылжар» базарларының аумағында, сонымен қатар күдіктінің пәтерінен тәркіленді», - деді Н.Матюшина.

Оның сөзіне қарағанда, сараптама нәтижесіне сәйкес, өнім сапасы лицензиялық өнімге қойылатын талаптарға жауап бермейді.

Соңғы жаңалықтар