Петропавл гуманитарлық -техникалық колледжі 85 жылдығын атап өтті
Оқытушылар мен студенттерді мерейтоймен өңір басшысының атынан оның орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады.
«СҚО әкімі Ерік Сұлтанов атынан гуманитарлық -техникалық колледжінің мерейтойымен құттықтаймын. Бұл жолғы Жолдауында Президент Н.Назарбаев адам капиталына, елдің инвестициялық тартымдылығына басты назар аударып, еңбек адамының рөлін бағалауға шақырып отыр. Бұл 2017 жылдан тегін білім беруді қарастыратын жаңа әлеуметтік саясатпен байланысты» , - деді А.Дүйсенова.
Салтанатты шарада колледждің үздік түлектері мен әлеуметтік серіктестеріне «ГТК құрметті қызметкері» мерейтойлық медальдары ұсынылды. Шара концертке ұласты.
5 мыңнан астам солтүстікқазақстандық Петропавл гуманитарлық -техникалық колледжін тәмамдады. Олардың көбі түрлі салаларда еңбек етіп жатыр. Оқу ордасының негізі 1930 жылы қаланған.