19:26, 11 Қаңтар 2012 | GMT +5
Петропавл қаласының полицейлері жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарын күшейтті
ПЕТРОПАВЛ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгінгі күнде Петропавл қаласында 303 кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мен 271 нашар отбасы есепте тұр. Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісімен айналысатын инспекторлар осы жылы 18 жасқа толмаған жасөспірімдер жасайтын құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмысты күшейтті,
деп хабарлады СҚО бойынша ІІД-нің баспасөз қызметі.
Осы жылдың қаңтар айында мереке және демалыс күндері 2 рейдтік шара өткізілді. Соның барысында шамамен компьютерлік клуб, дүкен сияқты 40 мекеме тексерілді. Тексеру барысында 17 бұзушылық анықталып, әкімшілік хаттама жасалды.
Көңіл көтеретін мекеменің 2 қожайыны мен 21 жасқа толмаған жасөспірімдерге спирттік ішімдіктер сатқан азық-түлік дүкенінің 2 сатушысы әкімшілік жауапқа тартылды.
Айта кетейік, 2011 жылы Петропавл қаласында 19 адам ата-ананың құқығынан айырылып, 6 бала жетімдер үйіне берілген болатын.
Осы жылы Петропавл қаласында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім жасаған бір қылмыстық іс тіркелді.