13:43, 16 Тамыз 2010 | GMT +5
Петропавл полицейлері облыс орталығындағы көңіл көтеру мекемелеріне рейд жүргізді
ПЕТРОПАВЛ. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавл қаласы, ішкі істер басқармасының полицейлері облыс орталығындағы көңіл көтеру мекемелеріне рейд жүргізді.

Іс-шараға есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі полицейлер, білім беру бөлімінің қызметкерлері мен арнайы педагог қатысты, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Рейд жүргілізген екі демалыс кешінің өзінде ғана наркологиялық орталыққа 15 адам жеткізіліп, оның 8-інің жақында есірткі қолданғандығы анықталған.
Осы жылдың жеті айында солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері заңсыз айналымға түскен 154 келі салмақтағы есірткі заттарын тәркілеген. Әртүрлі есірткі қылмысын жасаған 128 азамат қолға түскен.