Петропавл тұрғынынан аса ірі көлемдегі героин табылды

Жедел-іздестіру шаралары кезінде Петропавл қаласының 36 жастағы тұрғыны ұсталды.
Тексеру барысында оның пәтерінің балконындағы сөрелерде тұрған әйнек банкалардың арасынан сарғыш түсті зат салынған полимерлік 3 орама табылды. Эксперттің қорытындысы оның жалпы салмағы 1,08 грамм болатын, яғни аса ірі көлемдегі героин екендігін анықтады.
Петропавл стансасындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері аталған азаматшаның үстінен ҚР ҚК 259-бабының 3-бөлімінің «в» тармағымен есiрткi заттарға немесе психотроптық заттарға қатысты өте iрi мөлшерде сақтау, өткізу бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта ұсталған азаматша ҚР ҚПК-нің 132-бабына сәйкес Петропавл қаласының ІІД-нің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.