18:53, 29 Қазан 2009 | GMT +5
Петропавл ЖЭО-2-дегі апат кезінде бір адам мерт болды, үшеуі ауруханаға түсті
ПЕТРОПАВЛ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавл ЖЭО-2-де қазанның 26-сында «СолтүстікҚазЭнерго» АҚ ЖЭО-2-нің қазандық бөлімінде орын алған апат салдарынан бір адам мерт болды, үшеуі ауруханаға түсті.

«СолтүстікҚазЭнерго» АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, цех бастығының орынбасары оқиға орнында опат болған, мердігерлік жөндеу ұйымының үш қызметкері ауруханаға түскен. Олардың жай-күйін дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалауда.
Оқиға орнында шұғыл-тергеу тобы жұмыс істеуде. Қазандық-турбиналық цехындағы апат стансының негізгі жұмысына әсер еткен жоқ. Қазіргі уақытта ЖЭО-2 электр энергиясы мен жылуды штаттық режимде беруде.