Петропавлда автобус жүргізушісі героин сатқан

«ДСР - Жұмысшы кенті» бағытында жүретін автобус жүргізушісі бір жарым грамнан астам героин сатқан. Оны қолға түсірген кезде есірткі сатудан тапқан ақшасы табылды», - делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Онда 7 жылға дейін бостандықтан айыру жазасы қарастырылған. Тергеу аталған істің өзге жағдайларын анықтап жатыр. Соның ішінде ұсталған азамат жұмыс істеген кәсіпорында да тексеру жұмыстары жүргізілмек.
«Полицейлер жыл басынан бері барлығы шамамен 100 келі есірткі тәркіледі. Оның 104 грамы героин. 64 есірткіге қатысты қылмыс анықталды, оның 31-і сату бойынша», - деді Петропавл қ. ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің басшысы, полиция капитаны Данияр Найкин.