Петропавлда балалар киімі тігіледі (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласына жасаған жұмыс сапарының барысында СҚО әкімі Ерік Сұлтанов «Прогресс» ЖШС-нің әскери және нысанды киім-кешек дайындап тігумен айналысатын «Прогресс» тігін фабрикасына барды.
None
None

«Аймақ басшысы фабриканың цехтарын қарап шығып, өнім түрлеріне, сату нарықтары, сондай-ақ жалақы деңгейі мен мамандардың қамтылуына қатысты сұрақтар қойды», - делінген хабарламада.

Кәсіпорын директоры Борис Бутыч фабрикада қазір 145 адам жұмыс істеп жүргенін, бірақ бұйымдарды тігетін тағы шамамен 80 маман қажет болып отырғанын атап өтті.

Фабрика өз өнімін Қазақстанның бүкіл аумағына экспорттайды.

Қазіргі кезде «Прогресс» ЖШС-нің тігін фабрикасы жаңа бағыт: балалардың сыртқы киімін тігуді белсенді игеруде. Әзірге балаларға арналған тауарлар толық экспортталып отыр.

«Балаларға арналған сапалы киімдер шығару идеясы нарықта қажетті модельді таба алмағанымыздан кейін туындады. Өзіміз киім үлгісін піше бастадық. Нәтижесінде 160 модель жасалып, «2016 жылғы Көктем-Күз» топтамасын құрдық. Қыркүйекте ол Мәскеудегі көрмеге белсенді қатысты. Біздің фабрикамыз бірден ресейлік және беларусь компанияларынан тапсырыстар алды», - деп атап өтті Борис Бутыч.

Қазақстандық тұтынушы отандық өндірушінің киімін 2016 жылдың ақпан айында ала алады. Ол «IRBY» маркасымен шығарылмақ.

Соңғы жаңалықтар