21:14, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
Петропавлда балаларды мектепке дайындауға бағытталған «АСАР» қайырымдылық акциясы басталды
ПЕТРОПАВЛ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - «Мектепке жол» Республикалық акциясының аясында Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша балалар құқығын қорғау департаментінің бастамасымен «АСАР» қайырымдылық акциясы басталды.

Оның мақсаты - білім алуға тартылмаған балаларды анықтау, әлеуметтік тұрмысы төмен және көп балалы отбасыдан шыққан балаларға, мүгедек балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсетіп, балалардың әлеуметтік себептерге байланысты мектепке келмеуіне жол бермеу.
«АСАР» қайырымдылық акциясының аясында облыс орталығындағы кітап дүкендері мен кеңсе тауарлары дүкендерінде қайырымдылық көмекке, мектепке қажетті құрал-жабдықтар, кітаптар мен білім алуға қажетті басқа да құжаттарды жинауға көмекке арналған жәшік орнатылған.
«АСАР» қайырымдылық қоры оқу жылының басына дейін жалғасын табатын болады.