Петропавлда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының арқасында емдеу-сауықтыру шағын орталығы ашылады

Солтүстік Қазақстан облысында «БЖК-2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында «БТА Банкі» АҚ, «Арқалық» шаруа қожалығы және «Даму» қоры арасында субсидиялау бойынша келісім жасалды.
«Арқалық» шаруа қожалығы қызметінің негізгі бағыты жылқы өсіру және қышқыл сүтті өнімдерді өндіру болып табылады. Компания өңірде жоғары сапалы қымыз және қымыз сусындарын өндіруші ретінде танымал. Бизнестің жаңа бағытын іске асыру арқылы облыс орталығында емдеу-сауықтыру шағын орталығын ашу жоспарлануда.
Сауықтыру орталығы келесідей қызмет түрлерін ұсынуды жоспарлап отыр: суықтыру ванналары, батпақпен емдеу, уқалау бөлмелері, емдік дене шынықтыру үшін жаттығу залымен қамтамасыз ету. Сондай-ақ сауықтыру орталығында қымызхана ашу көзделген.
Солтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттарын жүзеге асыру аясында 32 жоба бойынша субсидиялаудың 187 келісіміне қол қойылды.