Петропавлда енді коммуналдық техникалар құрастырылмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында енді коммуналдық техникалар құрастырыла бастайды. Солтүстік Қазақстан мен Ресейдің Қорған облысының басшылары осындай келісімге келді, деп хабарлады www.24.kz.

Сонымен қатар екі жақтың диқандары дәнді дақылдар тұқымдарымен алмасу жұмыстарын одан әрі жалғастыра бермек. Ет экспорты да назардан тыс қалған жоқ. Солтүстікқазақстандық шаруалардың бірі осы жылы Қорғанға 300 бас ірі қара сатуды жоспарлап отыр. Келелі кездесу кезінде тараптар - ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм, денсаулық сақтау, білім салалары бойынша да әріптестік орнатып, маңызды құжаттарға қол қойды.

«Ауыл шаруашылығы академиясы жоғары деңгейде білім береді. Сондықтан біздің балалар сонда оқиды. Бүгін алғашқы келісімге қол жеткіздік. Енді алда коммуналдық және жол жөндеу машиналарын осы Петропавлда құрастырып шығарамыз деп отырмыз», - деп атап өтті облыс әкімі
Ерік Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар