13:12, 27 Сәуір 2014 | GMT +5
Петропавлда Есіл өзеніндегі су қауіпті деңгейге дейін көтерілді (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Есіл өзенінің деңгейі қауіпті деңгейге - 1047 см дейін көтерілді. Яғни тәулік ішінде ол 10 см дейін көтерілген. Бұл туралы СҚО «Қазгидромет» РМК филиалы хабарлайды.
Атап айтқанда, Есіл өзеніндегі су деңгейі Новоникольское ауылында - 1531 см, Долматов ауылында - 1225 см дейін көтерілген. Елді мекендерді су басқаны туралы дерек жоқ. Алайда Петропавлдағы Есіл өзенінің жағалауына жақын маңда орналасқан саяжай учаскелері мен республикалық мәні бар «Челябинск-Новосібір» тас жолының бір бөлігі әлі су астында қалып отыр.