Петропавлда ІІБ ғимаратына заңсыз кірмек болған Өзбекстан азаматы қамауға алынды
Оқиға 26 сәуір күні орын алған. Өзін Өзбекстан елінің құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырған адам қалалық ІІБ ғимаратына заңсыз кірмек болған. Ол бақылау-өткізу пунктінде ұсталды. Қолға түскенде ол адуынды қарсылық көрсеткен. Тіпті, қарауылдағы полиция қызметкері бірнеше рет табельдік қаруынан ескерту ретінде оқ атуға мәжбүр болған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 321-бабының «билік өкілінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану» 2-ші тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. ІІД хабарлағандай, Петропавл қалалық прокуратурасы полиция қызметкерлерінің бұл жағдайдағы әрекеттерін заңды деп санайды. Белгілі болғандай, Петропавлға жолай соққан ұсталған азамат Ресейге қарай өтпек болған.