03:24, 02 Қазан 2015 | GMT +5
Петропавлда Қарттар күні 40 мың қраияға құттықтау жіберілді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Халықаралық қарттар күні 40 мыңнан астам ардагерлер құттықтаулар алды, олардың 134-і - соғыс қатысушылары және 6 мыңдайы - тыл еңбеккерлері.
Аға ұрпақ өкілдері үшін осынау мерекелі күні қайырымдылық концерті ұйымдастырылды.
«Аға ұрпақ - еңбек сүйгіштік пен табандылықтың үлгісін көрсеткен адамдар. Олар Ұлы Отан соғысы жылдарында да, бейбіт өмірде де алғы шепте болды. Сіздердің еңбектеріңізбен біздің рухани және материалдық игіліктеріміз жасалды. Ауыл шаруашылығы, энергетика дамыды, денсаулық сақтау және білім беру жүйесі жетілдірілді. Сіздер еліміздің алтын қоры және патриотизм үлгісі болып келесіздер», - деп атап өтті өз сөзінде Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Елена Балло.
Бұл қарттар айлығы ауқымындағы алғашқы шаралардың бірі болды.