Петропавлда кәсіби мерекелерінің алдында облыстағы ең үздік педагогтар құрметтелді
Салтанатты жналысқан қатысқан облыс әкімі Серік Біләлов өз сөзінде «Бүгін 16 мың солтүстікқазақстандық мұғалім ұлттық білім беру үлгісін қалыптастыруға өз үлесін қосуда.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастап берген «Балапан» бағдарламасы аймақтағы мектеп алды білім беру жүйесінің қайта жандануына қуатты серпін берді. Облыс бойынша жаңадан 176 мектепалды балалар мекемелері бой көтерді. Республикалық бюджет есебінен Петропавл, Тайынша және Бишкүлде үш жаңа бала бақшаның құрылысы басталады. Биылғы жылы Петропавлда 270 оқушы білім алатын ҚР Тұңғыш Президентінің атындағы Интеллектуалдық мектептің құрылысы қолға алынбақ», деп атап өтті.
Аймақ басшысы облыстық білім беру басқармасының бастығы Темірғали Әбілмажіновқа «Қазақстан Республикасының білім берудегі құрметті қызметкері» төсбелгісін, ал облыстағы ең үздік ұстаздарға құрмет грамоталарын, ноутбуктер, шипажайларға жолдамалар мен пәтер алуға сертификаттар тапсырды.