Петропавлда Қазақстан темір жолдарына арналған 200-ші вагон шығарылды

ПЕТРОПАВЛ.   Қарашаның  4-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда   «ЗИКСТО»  акционерлік  қоғамы   Қазақстан  теміржолдарына арналған  200-ші    вагон   шығарды.
None
None

Бұл - Қазақстандағы  жүк  вагондарын  шығаратын      жалғыз    кәсіпорын  болып  табылатын   зауыт  жұмысшыларының  үлкен жетістігі.

Жартылай вагонның   алғашқы  үлгісі       барлық  қажетті  сынақтар  мен  сертификаттаудан  Мәскеуде  өтіп,   одан кейін   былтыр  зауыт    өнімді  сериялық шығаруға  кірісті.  Келісімшарт бойынша кәсіпорын  жылдың соңына  дейін  «Қазақстан темір жолына»  167 вагон  жеткізуі керек  еді  және   ол    тапсырысты  зауыт мерзімінен бұрын орындады.    Тағы 30 вагонды зауыт  жекеменшік компанияға жеткізді.     Осы  топтың   соңғы 14 вагоны       тапсырыс берушіге    қарашаның 2-сінде тапсырылды.

Қазіргі  уақытта зауытта 1200  адам жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар