Петропавлда ҚХА-дан Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті

ПЕТРОПАВЛ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - 9 қаңтарда Петропавлда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың үміткерлері сайлаушылармен бірнеше кездесу өткізді.  Сайлауалды науқан өзінің жұмысын аяқтауға жақын.
None
None

Қалалық №17 орта мектебінде ҚХА-дан Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Оған әр кандидаттың өмірбаянымен таныс болған мектеп кешенінің оқытушылары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Осы кездесуде қатысушылар өткен жылда атқарылған жұмыстарын қорытындылай келе, 2012 жылға арналған міндеттерді талқылады. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының азаматтық қоғам институттарымен әріптестік орнатуы  мәселелерін қарастырды.

Этносаралық қарым-қатынас саласында бірқатар тапсырмалардың жүзеге асырылуына қатысты мәселелер мен республикадағы қоғамдық тұрақтылықтың нығаюына баса назар аударылды.

Соңғы жаңалықтар