Петропавлда кикбокстан республикалық турнир өтуде

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда кикбокстан 15-ші республикалық «Қызылжар» турнирі басталды. Бұл бәсекеде елдің түрлі аймағынан келген 30-ға тарта спортшы бақ таластыруда.
None
None

Чемпионат үш күнге жалғасады.

«Аталған турнир дәстүрге айналды. Ол Петропавлда 15-ші рет өтуде. Кілең спорт шеберлері қатысуда, спорт шеберлігіне үміткерлер де бар. Бүгін регламент бойынша алғашқы екі күнгі кездесулер екі минуттан үш раундқа созылады. Ал финалда шлемсіз бес минут жұдырықтасады. Қатысушылардың салмақ дәрежесі - 57 келіден 81-ге дейін және одан жоғары. Спортшылар Семей, Көкшетау, Атырау және СҚО-дан келді», - деп ақпараттандырды жарыстың бас төрешісі Сабыржан Сақтағанов.

Соңғы жаңалықтар