11:05, 11 Тамыз 2010 | GMT +5
Петропавлда қоғам өкілдері Абай Құнанбаевтың 165 жылдығын атап өтті
ПЕТРОПАВЛ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Тамыздың 10-ы, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 165 жылдығы күні Петропавлда қалалық саябақтағы «Абай мен Пушкин» ескерткішінде салтанатты шара өтті. Қоғам өкілдері, ақындар және студенттер заманынан оза туған ойшыл, шыншыл, данагөй ақынды еске алды.

Ақынның шығармашылығын құрметтейтын жұртшылық бұл жерге Абайдың туған күнін атап өтуге ескерткіш ашылғаннан бері, осымен үшінші жыл қатарынан жиналып келеді. Жиналған қауым ақын ескерткішке гүл шоқтарын қойды, Абайдың өлеңдерін, Қара сөздерін оқыды.
Шараға қатысушылар атап көрсеткендей, әр халықтың өз ұлттық рухани символына айналған тұлғасы бар. Олардың пікірінше,терең ойлармен және асыл сөздермен айшықталған Абай поэзиясы рухани толысуға, адами құндылықтар туралы ойлауға көмектеседі.