Петропавлда ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары «Нұр Отан» ХДП филиалының активімен кездесті

ПЕТРОПАВЛ. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда 5 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының облыстық активімен кездесті.
None
None

Кездесу барысында Мәжіліс депутаты ел Парламентіндегі фракция жұмысымен және дайындалып жатқан заң жобаларымен таныстырды. Өз сөзінде ол сонымен қатар республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына солтүстікқазақстандықтардың қосып жүрген үлесіне қатысты да өз пікірін білдірді.

Нақтырақ айтсақ, ол: «Қазіргі күні Солтүстік Қазақстан еліміздің қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірі. Тәуелсіздік жылдары сіздер аграрлық кешен, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, шағын және орта бизнесті дамыту және өзге де салаларда жақсы нәтижелерге қол жеткізе алдыңыздар. Облыста еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі болып табылатын астық өндіру жақсы дамып келе жатыр» деді.

Үдемелі индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасының және өзге де ірі жобалардың жүзеге асырылуы жайлы әңгіме қозғағанда, мәжілісмен 48 мың адам жұмыспен қамтылған «Жол картасы-2020» бағдарламасының орасан маңызға ие екендігін атап өтті. Биылғы жылы республикамызда қосымша 40 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Одан кейін мәжілісмен жиналғандардың сан-салалы сұрақтарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар