Петропавлда монополияға қарсы заңнамаларды өзгерту мәселесі бойынша семинар өтті

ПЕТРОПАВЛ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша аймақаралық инспекцияларының ұйымдастыруымен монополияға қарсы заңнамаларды өзгерту мәселелері бойынша семинар өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Семинарға қатысқан мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері монополияға қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер жөнінде сөз етті. «Бәсекелестік туралы» және «Қазақстан Республикасындағы кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдарына өткен жылғы желтоқсанның 25-інде Президент қол қойған соң, олар 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап күшіне енді.Басқосуда осы өзгерістердің бәсекелестікті қорғауға, монополияға қарсы заңнамалардың бұзылуын болдырмауға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауға, инвестициялық белсенділікті арттыруға бағытталғаны атап өтілді. Кездесуде заңнамаларға енгізілген өзгертулерге сәйкес, қайтадан құрылған мемлекеттік кәсіпорындар өзінің құрылғандығы туралы монополияға қарсы органға ұсыным берулері және 60 күн мерзім ішінде жұмыс жасауға келісімнің қабыл алынуы немесе қабыл алынбауы туралы шешім алулары тиіс екендігі сөз болды. Байланыс және коммуникация кәсіпорыны тексеруден өтті. Қазіргі уақытта белгіленген уақытта өз ұсынымдарын монополияға қарсы органға берулері тиіс көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары тексерілуде. Содан кейін, 2010 жылғы наурыздың 1-іне дейін осындай ұсынымдарды отын кешені, білім және ғылым мекемелері тапсырулары тиіс.Өзгерістер, 50 пайыз акциясы мемлекет иелігіндегі заңды тұлғаларға да қатысты. Бірақ, олардың монополияға қарсы органнан міндетті шешімді алу мерзімі үш жылға дейін ұзартылған.Бәсекелестікті қорғау және монополияға қарсы заңнамаларды сақтау саласындағы басқа да өзгерістер сөз болды. Семинар барысында оған қатысушылар өздері үшін мүдделі басқа да сауалдар қойып, оған толыққанды жауаптар алды.
Соңғы жаңалықтар