Петропавлда облыстық Мағжан оқулары өтті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда «Мен жастарға сенемін» деген тақырыппен облыстық Мағжан оқулары өтті. Оған 14 жас ақын, қазақтың көрнекті ақынының талантына табынушы жыр сүйер қауым қатысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық байқауға 15 пен 29 жас аралығындағы жас таланттар қатысты. Олар ақын есімімен аталатын көшеде орнатылған Мағжан ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жастар өз өлеңдерін оқыды. Байқауды ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай өнер жарыстары жастардың бойында патриотизмді шыңдайды, төл мәдениет пен әдебиетке құштарлығын арттырады, туған халқын сүйіп өткен Мағжанның шығармашылығына ықыласын оятады. Байқауда Мамлют ауданынан Фархат Ысматбеков жеңімпаз атанды, ол Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті журналистика факультетінің студенті.
Соңғы жаңалықтар