10:28, 11 Шілде 2013 | GMT +5
Петропавлда «Океан» сауда үйі отқа оранды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін түнгі сағат 3 кезінде Петропавлда «Океан» сауда үйі өртенді. Жалын 22 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Сауда сөрелері мен шатырдың жабыны жарым-жартылай зақымданды. Бір сағаттан кейін тілсіз жау ауыздықталды. Оған ҚР ТЖМ СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 17 маманы мен 5 техникасы жұмылдырылған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.