12:27, 09 Шілде 2010 | GMT +5
Петропавлда санитарлық-эпидемологиялық стансының жеті лауазымды тұлғасы кәсіпкерлердің құқығын бұзғаны үшін жауапқа тартылды
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Петропавлда санитарлық- эпидемологиялық стансының жеті лауазымды тұлғасы кәсіпкерлердің құқығын бұзғаны үшін жауапқа тартылды,

деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
«Петропавл қаласының прокуратурасы жеке кәсіпкерлік туралы заңдылықтың сақталуын тексеру барысында Петропавл қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басқармасының қызметінде кәсіпкерлер құқығының бұзылғандығы туралы фактіні анықтады», - делінген баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында.
Атап айтқанда, кәсіпкерлерге белгіленген нысандарды тексеру туралы хабарлама уақыты бұзылған.