Петропавлда сауда үйі өртеніп, 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Петропавлда сауда үйі өртеніп, 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
None
None

Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр. 

«Сенбі, 7 қаңтар күні Петропавл қаласында жеке тұрған 4 қабатты «Биғайша» сауда үйінің жертөлесінен өрт шықты. Қызыл жалын шарпыған аумақ 57 шаршы метрді құрайды. Өртті сөндіру кезінде 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - делінген ведомство ақпаратында.

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 31 маманы мен 6 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар