12:30, 20 Сәуір 2014 | GMT +5
Петропавлда саяжайларды су басты
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Есіл өзенінің деңгейі көтерілуіне байланысты саяжайларды су басты. Оқиғаға байланысты облыстық ТЖД және қалалық ІІБ қызметкерлерінен құралған 10 пост кезекшілік атқаруда. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Соңғы деректер бойынша Петропавлда 2 тұрғын үйді су басты деген мәлімет тіркелді. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері 160 текше метр суды сорғызды.
Жалпы, облыс бойынша елді-мекендерді су басу қаупі жоқ. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін қосымша күш тартылған. ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жауынгерлері Ғ. Мүсірепов ауданындағы Шарық су қоймасын күзетуге қойылған. Олар тәулік бойы жағдайды бақылауда ұстап отыр. Жамбыл облысының апаттық-құтқарушылар тобы Есіл ауданының Жарқайың ауылы мен Покровка ауылы арасындағы Есіл өзенінің деңгейін бақылап отыр.