Петропавлда скутерлердің кінәсінен 5 жол апаты орын алды
, деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметінен.
Қалада скутердің 17 жастағы жүргізушісі автобуспен соқтығысып, екі доңғалақты көліктің жолаушысы, 9 сынып оқушысы жапа шеккен. Жол апаты Мир мен Партизан көшелерінің бойында орын алды. Скутердің жүргізушісі бағдаршамның тиым салған белгісіне қарамай, тоқтамаған күйі қоғамдық көлікпен соқтығысты.
Екінші оқыс оқиға Интернационал көшесінде тіркелген. «Ауди» көлігімен соқтығысқан скутердің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Тергеу істеріне сүйенсек, ер адам жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Бүгінде бұл оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.
Жыл басынан бері облыс орталығында скутер жүргізушілерінің кінәсінен 5 жол апаты тіркелген. Соңғы екі жағдайда олардың екеуі де жолда жүру ережелерін бұзды.