14:24, 29 Қазан 2015 | GMT +5
Петропавлда сүңгуірлер 6 аққуды құтқарды (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда сүңгуірлер облыс орталығы маңындағы көлдердің бірінде 6 аққуды құтқарды. Жылы жаққа ұшу үшін құстар әзірге әлсіздеу, сондықтан мұздар арасында өлуі мүмкін болды.
Аққулар жергілікті қорықшыларға тапсырылды.
«Петропавл қаласының маңында бүгін 6 аққуды құтқардық. Олар күн суытқанға дейін оңтүстікке ұшуға күш жиып үлгермеді. Кейбіреулерінің қанаттары зақымданған. Құстар құтқарылған соң қорықшыларға тапсырылды. Шараға 5 құтқарушы жұмылдырылды», - деді СҚО ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Андрей Морозов.