Петропавлда #Talks2050: «Аймақтың дамуы туралы айтамыз» форумы өтті (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында #Talks2050: «Аймақтың дамуы туралы айтамыз» атты форум өтті. Оны ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырған.
None
None

«Солтүстік Қазақстанда біз білім беру саласындағы мәселелер туралы әңгімелескіміз келеді. Солтүстік аймақта мектеп бітірген жастар өкінішке қарай жергілікті университеттерде қалмайды. Дерек келтіріп өтейін, егер М.Қозыбаев атындағы білім ордасында 2000 жылдары 13 мыңға жуық студент білім алса, қазіргі кезде оның саны небәрі 3 мың. Бұл жастардың жақын орналасқан ресейлік университеттерге білім алуға кетіп жүргенін көрсетіп отыр. ЖОО орнын тәмамдап, Отанға оралса игі, бірақ біз олардың көбінің сол жақтан жұмыс тауып, қалып жүргенін білеміз. Біздің ойымызша, мұндай проблемаларды қозғау керек. Форумның мақсаты - аймақта белсенді азаматтық позициясы бар адамдарды жинап, бұл аймаққа тән осал тұстарын көрсету және оларды шешу жолдарын ұсыну», - деп ақпараттандырды тілшімізді «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының медиадиректоры Қанат Әуесбай.

Жалпы алғанда, кездесуде Солтүстік Қазақстанды дамыту мәселелері мен болашағы талқыланды. Форумға сәулетшілер, экономистер, саясаткерлер, үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, бизнесмендер, қаланың белсенді тұрғындары қатысты. Мұндай келесі форум 8 тамызда Шымкентте өтеді.

Соңғы жаңалықтар