Петропавлда ТКШ жаңарту республикалық бағдарламасы өз жұмысын бастады

ПЕТРОПАВЛ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңарту республикалық бағдарламасы өз жұмысын бастады. Қала әкімдігінің баспасөз мәслихатында журналистерге 10 жылға есептелген, осы бағдарламаның алғашқы жыл қорытындысы жайлы ақпарат берілді.  
None
None

Қала әкімінің орынбасары Антон Макаров мәлімдегендей, өткен жылы көппәтерлі тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарына 359 миллион теңге бөлініп, 21 үйдің жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс еді. Алайда түсіндіру жұмыстарының арқасында, сонымен қатар бағдарламаға ПИК-тердің қосылуы нәтижесінде ПИК-пен 47 үй келісімшартқа отырды.

Облыс орталығының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің басшысы Мереке Мұхамедияров тұрғын үй көмегі тек Қазақстанның төрт қалаларында: Астана, Ақтөбе, Павлодар мен Петропавлда ғана көрсетілетінін атап өтті.

2012 жылы қаланың үйлерін жөндеу жұмыстарына республикалық ТКШ жаңарту бағдарламасы бойынша 900 миллион теңге қаражат бөлініп отыр.

Соңғы жаңалықтар