Петропавлда жаңа балабақша ашылды (ФОТО)
![None None](/static/img/plug.webp)
«Достық» балабақшасының ашылуына Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетов қатысты. «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтудағы маңызды буын болып табылады. Қалада мектепке дейінгі білім беретін 11 мекеме ашылған. Оларда 1300-ден астам бала тәрбиленуде. Жергілікті атқарушы билік пен жеке кәсіпкерлердің бірлескен күшінің арқасында 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 83,5 пайызға жетті. Бұл - республикалық көрсеткіштен жоғары», - деп атап өтті балабақшаның ашылу салтанатында М.Тасмағанбетов. Петропавл тұрғыны Әсел Уайысованың 3 жасар ұлы Жангелді үшін де балабақшадан орын табылған. «Қазақстан Тәуелсіздік жылдары табысты дамып келеді. Балаларымыздың лайықты білім алып, бастысы - бейбіт аспан астында бірлік пен келісімде өмір сүруге мүмкіндігі бар», - деді ол.