16:18, 30 Шілде 2015 | GMT +5
Петропавлда жаңа пошта индекстері енгізілуде
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласындағы он екі пошта байланысы бөлімшесіне жаңа пошта индекстері берілді. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ СҚОФ пошта байланысы бөлімшесі бастығының орынбасары Елена Никлевич хабарлады.

«Жаңа пошта индекстерінің негізгі артықшылығы жеті саннан тұратын кодтарды тез және жеңіл тану есебінен пошта жөнелтілімдерін өңдеу жеделдігін қамтиды. Біз ауқымды жұмыс жасадық. Бұл жобаны іске асыру үшін сәуірде орталық аппарат департаменті қызметкерлері жүйені жұмыста пайдалану, жаңа пошта индекстерін дерекқорға енгізу бойынша оқытудан өтті. Сондай-ақ алушының мекенжайын жеті торға толтыру үшін жаңа графалар қарастырылған конверттер әзірледік. Жаңа пошта индекстері Петропавлдың 12 пошта бөлімшесіне берілді», - деді Е.Никлевич.
Жаңа жүйеге сәйкес пошта индексінің көлемділігі 7 символды құрайды. Бұл - сандар мен әріптер. Алғашқы үшеуі өңір мен қаланы білдіреді. Петропавл индексі - ТО1. Қалған төрт символ ғимаратты білдіреді.