Петропавлда жаз басталысымен атты полиция өз жұмысын күшейтті

ПЕТРОПАВЛ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда жаз шығып, саяжай маусымы ашылған соң қалалық ІІБ полициясы патрульдік батальонының күніне 14 бағыт бойыша патрульдік қызмет жасайтын кавалерия бөлімшесі өз жұмысын күшейтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Биыл алтыншы жыл қызмет етіп келе жатқан кавалерия взводының негізгі мақсаты ? саяжай кооперативтерінде, орман-тоғай аумақтарында, адамдар көп демалатын орындарда қоғамдық тәртіпті күзету, құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау. Бөлімшенің штаттық саны 22 адамнан тұрады, ал қызметтік мініс аттарының саны ? 18. Қызметкерлердің барлығы да жылқының мінез-құлқын жақсы біледі және салт атпен жүре алады.Атты полиция қызметкерлері ұстайтындардың дені саяжайда ұрлық жасайтын белгілі тұрағы жоқ адамдар, қандай да бір себептермен иесіз саяжай үйінде заңсыз тұратындар және құқық тәртібінен бас сауғалап жүрген қашқындар.Маусым басталғалы бері атты полицейлер төрт ұрлық, тонау, алаяқтық және есірткі заттарын заңсыз сақтау фактілерін ашты. 140 адамға әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттама толтырылды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум