Петропавлда жеке тұрғын үйден шыққан өрт 3 адамның өмірін қиды

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Петропавлда жеке тұрғын үйден шыққан өрт 3 адамның өмірін қиды. Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратып отыр.
None
None

20 сәуір күні кешкісін Петропавл қаласында жеке тұрғын үй өрт құшағына оранған. ТЖМ ақпараты бойынша, өрт үйдің ішінен шыққан.

«Қызыл жалын шарпыған аумақ 65 шаршы метрді құрайды. Өрт орнынан 1959 және 1977 жылы дүниеге келген 2 әйелдің және 1959 жылғы азаматтың денесі табылды», - делінген хабарламада.

Тілсіз жау 3 сағаттан кейін ауыздықталған.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 14 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар