Петропавлда зілтемірді шалқалай жатып көтеруден және пауэрлифтингтен ҚР чемпионаты басталды

ПЕТРОПАВЛ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Петропавлда зілтемірді шалқалай жатып көтеруден және пауэрлифтингтен ел чемпионаты басталды.
None
None

Өз шеберліктерін еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200 спортшы көрсетуде.

Жарыста алдымен қыздар бақ сынасты.

Солтүстікқазақстандық спортшылар арасында зілтемірді шалқалай жатып көтеруден 2012 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Роман Огородниковқа үміт артылып отыр. Ол аталмыш спорт түрі бойынша СҚО-дан Қазақстан құрамасына енген жалғыз спортшы.

Ал пауэрлифтингтен СҚО-да өзінің оң дәстүрлері мен жетістіктері бар. Солтүстікқазақстандық спортшылар арасында әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Жарыстың бас төрешісі, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Қанат Қоңыровтың айтуынша, бұл бәсекенің алар орны ерекше. Тартыстың нәтижесі бойынша, шалқалай жатып көтеруден Азия чемпионатында және пауэрлифтингтен АҚШ-та өтетін чемпионатта еліміздің намысын қорғайтын спортшылар іріктеледі.

Соңғы жаңалықтар